22 шілде 2024 15:17

"Ауыл аманаты" - мұнайшылар шаруа өнімін сатып алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ауыл аманаты" жобасы ауылдағы ағайынның табысын арттырып қана қоймай, ірі кәсіпорындарға қолайлы жағдай туғызуға сеп бола алады. Мұның айқын мысалы ретінде Батыс Қазақстан облысында қол қойылған келісімді келтіруге болар.


"Ауыл аманаты" жобасы ауылдағы ағайынның табысын арттырып қана қоймай, ірі кәсіпорындарға қолайлы жағдай туғызуға сеп бола алады. Мұның айқын мысалы ретінде Батыс Қазақстан облысында қол қойылған келісімді келтіруге болар.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге бел буған азаматтар үшін ең негізгі мәселелердің бірі – өнімін сату жолын реттеу екені анық. Ал ірі кәсіпорындарға сапалы әрі таза азық-түлік сатып алу маңызды. Батыс Қазақстан облысында ортақ мүдде ресми құжатпен бекітілді. Аймақ әкімдігі мен ірі мұнай компания арасында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұл келісім жергілікті шаруалар үшін қолайлы боларын атап өтті.

"Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі кәсіп иелеріне барынша көңіл бөлу қажеттігін айтып өткен болатын. Бүгінгі келісім "Ауыл аманаты" жобасы аясында кәсіп ашып, шаруасын дөңгелетіп отырған ауылдықтар үшін бұл жақсы мүмкіндік. Ауылдағы азаматтардың сапалы тауарларына тағы бір ірі әрі тұрақты тұтынушы табылды деуге болады", - деді аймақ басшысы.

Батыс өңірде логистика мәселесі өткір тұр. Елдімекендердің бір-бірінен қашық орналасуы тауар тасымалдау кезінде бағаға әсер етеді. Бұл мәселені шешуге орталық оператор ретінде "Ақ Жайық" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қатыспақ. Жоспар бойынша, олар шаруаларды түрлі қолдау бағдарламалары арқылы қажетті техникамен қамтып, өнім тасымалдау кезінде демеу болмақ.

Аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова меморандумның маңыздылығына тоқталды.

"Бұл келісімнен барлық тараптар ұтады деп санаймын. Біздің елімізде ірі өндіріс ошақтары көп. Барлығында да сапалы азық-түлікке деген сұраныстары бар. Сол себепті бүгінгі тәжірибе өзге кәсіпорындарға үлгі боларына сенімдімін", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

БҚО әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети