Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және ауыз су: Атырау облысы жылды қорытындылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және ауыз су: Атырау облысы жылды қорытындылады Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында баяндама жасап, өңірдің әр саласындағы жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Атырау облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында баяндама жасап, өңірдің әр саласындағы жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Атырау облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалды.

Әкімнің айтуынша, өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері – мұнай-газ саласы. Қазір құны 10,7 миллиард доллар болатын үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

"Бұдан бөлек, құны 104 миллиард теңге болатын 20 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, нәтижесінде 1 320 жаңа жұмыс орны ашылады", - деді Серік Шәпкенов.

Агроөнеркәсіп кешенінде 116,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Сонымен қатар, облыстың мал шаруашылығында да өсім байқалады.

Атырау облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымы да кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Жыл соңына дейін аймақта 5 жаңа медициналық нысан іске қосылады, ал 7 нысанның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір екі заманауи емхана салынып жатыр.

Онкодиспансер жанынан салынып жатқан радиологиялық корпус келесі жылы толық пайдалануға беріледі. Бұл онкологиялық науқастарды емдеудің сапасын арттырады. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында медициналық нысандарды салу және жаңарту жұмыстары жалғасып келеді. 2024 жылы 10 жаңа медицина нысаны тұрғындарға қызмет көрсете бастады.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, бұл жұмыстар халық денсаулығына оң әсерін тигізіп, қан айналымы жүйесі аурулары, туберкулез және қатерлі ісік көрсеткіштерінің төмендеуіне ықпал етіп жатыр.

Сондай-ақ, Атырау облысында тұрғындарды сапалы ауыз су, газ және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді. Инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші 99,9 пайызға жетіп, 713 мыңнан астам адамды қамтиды.

№5 сүзгі стансасы жаңғыртылып, тәулігіне қосымша 50 мың текше метр су берілуде. 5 ауылдық елді мекенде 165 шақырым жазғы су желісі салынды.

"Энергетика саласы бойынша 302 шақырым электр желісі жаңартылды. Атырау қаласы, "Нұрсая" шағынауданындағы 66 шақырым желі заманауи кабельдерге ауыстырылды. Қуаттылығы 32 МВт "Нұрсая–Самал" қосалқы стансасы аяқталды. 30 автоматты қайта қосу құрылғысы орнатылды", - деді әкім.

Газбен қамту бойынша оң жағалауда сағатына 120 мың текше метр газ тарататын станция және 46 шақырым магистралды газ құбыры салынып жатыр. "Спутник" шағынауданын газдандыру жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Облыс әкімінің айтуынша, бұл жобалар тұрғындарға сапалы, үздіксіз қызмет көрсетуге және инженерлік желілердің тұрақтылығын арттыруда маңызды.

Tengrinews
Атырау облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети