Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек - Тоқаев Сапархан Омаров пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Сурет мұрағаттан алынған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетуі керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай қиын жағдайда министрлік шұғыл және батыл шаралар қабылдауы керек еді. Алайда министрлік қажетті жұмысты уақытында жүргізе алмады. Сондықтан министр Сапархан Омаров отставкаға кетсе, дұрыс болады деп санаймын", - деді Президент 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сапархан Омаров 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ауыл шаруашылығы министрлігін басқарады. Бұрын ол Мәжіліс депутаты болған.

Бұған дейін құрғақшылықтың салдарынан бірнеше аймақта мал қырылғаны хабарланған болатын. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Маңғыстау және Қызылорда облыстары зардап шекті. БАҚ өкілдері мал азығы қымбаттағанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығындағы жағдайға байланысты бірқатар сарапшы мал басының жаппай азаюына байланысты мал шаруашылығы өнімдері қымбаттайтынын мәлімдеді. "Бағаның өсуі бүкіл халықтың қалтасын қағады, ал жағдайды түзетуге кеш болады", - дейді мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети