Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Биыл егін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда төмен жиналды. Ресми тұлғалар бұл жағдай ішкі нарыққа әсер етпейді деп сендіргенімен, ұнның, атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында нан бағасының көтерілгенін байқап отырмыз. Жағдай бұдан әрі қалай дамиды",- деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.
"Иә, шынында да, биыл астық түсімі бұрынғыға қарағанда төмен. Дәнді дақылдар бойынша шамамен 16 миллион тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Өнімділік 10 центнер деңгейінде болып отыр. Былтыр өнімділік 13 центнер болды, 20 миллион тоннадан астам бастырылған. Бірақ қазір жинаған көлем ішкі нарықты өтеуге жеткілікті болады", - деді Қарашөкеев.
Ол 6-6,5 миллион тонна астық экспортқа жіберіледі деп болжады.
"Астық пен өңделген ұнның экспорттық тауар екенін ескерсек, баға әлемдік баға конъюнктурасына байланысты болады. Біз ФАО (БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) тамақ өнімдері бағасының өсуін болжайтынын білеміз. Осыған байланысты баға өсіп жатыр", - деп түсіндірді министр.
Қарашөкеев өнім қымбаттауының артықшылықтарын атады.
"Өнімділік төмен болғанын, ал бірқатар өңірлерде, Қостанай облысы мен оңтүстік облыстарда өнімділік одан да төмен болғанын ескеру керек. Тиісінше, фермерлер үлкен шығынға ұшырады және астық құны өсті. Астық бағасының өсуі фермерлеріміздің, астық өсіретін кәсіпорындардың қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Келер жылы көктемгі дала жұмыстарын сәтті жүргізу үшін оларға қаржы керек", - деді ол.
Сондай-ақ, министр әлеуметтік нан бағасының көтерілмеуі үшін басқарманың не істеп жатқанын айтты.
"Ел ішінде "әлеуметтік" нанның бағасы - 50 грамм бірінші сұрыпты нан, бұл азық-түлік бағасына үлкен әсер етеді. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаймыз. Бірінші кезекте "әлеуметтік" нан өндіретін кәсіпорындарды астықпен қамтамасыз ету керек", - деді ол.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы бидай өнімділігі климаттың өзгеруіне байланысты төмендеуі мүмкін деп мәлімдеген болатын.
"Қазақстан ірі бидай өндірушілердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Алайда жағымсыз сценарий жүзеге асқан жағдайда 2030 жылға қарай бидай өнімділігі шамамен 40 пайызға төмендеуі мүмкін", - деді Тоқаев Қазақстанның көміртегі бейтараптығы тақырыбындағы халықаралық конференцияда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!