05 қараша 2021 | 14:06

Ауыл шаруашылығы министрлігі Антикордың қылмыстық схемалар туралы мәлімдемесіне жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) Антикор басшысының ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық схемалары туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) Антикор басшысының ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық схемалары туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірлесіп, мәселелерді жүйелі түрде қарайтын арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол проблемаларды анықтап, шешу жолдарын әзірлейді", - деді министрліктегілер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау 2021 жылғы 9 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында жүргізілгені айтылды. Тексеру мерзімі екі рет – 30 қыркүйекке дейін және 15 қазанға дейін ұзартылған.

Сарапшылар саланы субсидиялау бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау жасап, олқылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар дайындады.

"Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тәсілдері әзірленді. Олар субсидиялауды оңтайландыруды және тетіктерін жеңілдетуді көздейді. Кәсіпкерлік көлемі мен нысанына қарамастан, барлық субъектіге мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді", - деп уәде берді министрлік өкілдері.

Ауыл шаруашылығы министрлігі асылтұқымды мал шаруашылығының заңнамалық базасын жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстарды жариялады. Заң жобасы қазірдің өзінде Мәжілісте.

"Тұтастай алғанда, субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынылған шаралар барлық мүдделі мемлекеттік органмен және ұйыммен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен талқыланады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң сараптамадан өтеді, бұл саланың дамуына ықпал ететін ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді", - деді министрліктегілер.

Еске салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын сыбайлас жемқорлық схемаларын жариялаған болатын. Ол соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыс тіркелгенін айтты. Қылмыстық жауапкершілікке 450 адам тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети