Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына квота енгізеді. Қазіргі уақытта бұйрық Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына квота енгізеді. Қазіргі уақытта бұйрық Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды.

Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады:

- бидай мен меслинге – 1 миллион тонна;

- бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна.

"Бұл ретте осы №110 бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармаққа сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10 пайызын белгіленген баға бойынша "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады)", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге болатыны туралы хабарланды.

Бұйрық қолданысқа енген күнге дейін кедендік декларация немесе өзге де кедендік құжаттар тіркелмеген тауарларға фитосанитариялық сертификатты рәсімдеу жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети