Ауыл шаруашылығы министрінің жалақысы белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрінің жалақысы белгілі болды Ербол Карашөкеев. Фото:primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің, вице-министрлер мен ведомство аппараты басшысының жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің, вице-министрлер мен ведомство аппараты басшысының жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында қызметкерлерге еңбекақы төлеу Үкіметтің 2017 жылғы 16 қазандағы "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес жүргізілетінін жазды.

"Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрінің жалақысы жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын шегергенде 941 316 теңге (еңбек өтіліне қарай), ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің жалақысы 643 807 - 731 047 теңге (еңбек өтіліне байланысты), аппарат басшысы жалақысы 731 047 теңге (еңбек өтіліне қарай) болады", - деді ведомство өкілдері.

Министрлік басшылығының жалақысы 2021 жылы өспегені айтылды.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен ведомство вице-министрлерінің жалақысы белгілі болған еді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да жалақысының мөлшерін жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети