01 сәуір 2014 | 14:20

Ауыл шаруашылығы министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сапархан Омаров.  ©Esep.kz Сапархан Омаров. ©Esep.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің жаңа орынбасары болып Сапархан Омаров тағайындалды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің жаңа орынбасары болып Сапархан Омаров тағайындалды, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды. Оңтүстік Қазақстан облысында туған Омаров 1985 жылы еңбек жолын Түркістан құрылыс және жол машиналарын жөндеу зауытында сырлаушы болып бастаған. 1995-1996 жылдары ол ҚР Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияда қызмет етті, кейін Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясында жұмыс істеді. 1998-2006 жылдары осы корпорацияда жетекші қызметтерді атқарды. 2006 жылы бірлестіктің вице-президенті болды. 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды. 

2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды, 2011 жылдан бастап, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет етті. 46 жастағы Сапархан Омаров үйленген, екі баласы бар.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсан айында ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев тұтқындалған болатын. Ол мемлекеттік сатып алу байқауында жеңуге жәрдемдесемін деп, кәсіпкерден 100 мың доллар сомасында пара алды деп айыпталып отыр. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети