Қаржы полициясы агенттігі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміряевке қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Айыпталушыға қатысты тергеу аяқталды. Қазір оның өзі мен қорғаушысын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүзеге асырылуда. Осыдан кейін айыптау қорытындысы прокуратура органына жіберіледі, одан әрі сотқа жолданады", - деп хабарлады Қаржы полициясы агентігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың 22 желтоқсанында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміряев тұтқындалған болатын. Ол мемлекеттік сатып алу байқауында ұтып алуға жәрдемдесемін деп, кәсіпкерден 100 мың доллар сомасында пара алды деп айыпталып отыр. 2013 жылдың 24 желтоқсанында Астанадағы Алматы аудандық №2 соты Өміряевті қамауға алуға рұқсат берді.
Арада көп уақыт өтпей Астананың қаржы полициясы аталмыш министрліктің Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаевты "Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы" ЖШС бас директорынан 720 мың теңгеден астам пара алып жатқан жерінен қолға түсірген болатын. Қаржы полициясының мәліметінше, шенеунік бұл ақшаға мемлекеттік сатып алулар туралы келісімді бекітуде көмек беруге уәде еткен екен. Бақтыбаевқа қатысты сот осы жылдың 14 мамырында басталған. Айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.