22 қазан 2020 | 07:34

Ауыл тұрғындары Тараздағы жұмысына жаяу баруға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: crlcfaithformation.blogspot.com Фото: crlcfaithformation.blogspot.com

Тараз маңындағы ауыл тұрғындары күніне бірнеше шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Қызыл жұлдыз ауылына автобус қатынамайтын болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тараз маңындағы ауыл тұрғындары күніне бірнеше шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Қызыл жұлдыз ауылына автобус қатынамайтын болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жалғыз маршрут бұрын ауылға 5-10 минут сайын жүретін. Қазір қоғамдық көлік сирек жүреді.

"Автобус жоқ. Кеше кондукторды көріп сұрасам, "Бізде автобус жоқ" деді. Біз жұмыс істейміз. Балабақша жұмыс істейді. Кейбір қызметкеріміз жаяу жүреді. XXT ғасыр, ал біз аялдамада жыларман болып тұрмыз. Автобус жоқ", - деді Қызыл жұлдыз ауылының тұрғыны Айнұр.

"Бүгінде ол жерде "Сапар Транс" компаниясының №1 автобусы жүреді. Маршрут Арай массивінен шығып, қаланы түгел дерлік аралап, Қызыл жұлдызға барады. Карантинге дейін бұл маршрут 14 кестемен жүретін. Сәйкесінше 14 автобус 8-ден кешкі 8-ге дейін қатынайтын. Бүгінде карантинге байланысты 7-8 автобус қалды. Бұдан басқа Жамбыл даңғылымен Қызыл жұлдыз ауылының маңынан Қазпоселокке қарай қалалық 27, 29, 32, 46 бағыттары жүреді. Автобустар арасындағы жалпы интервал 5-7 минут. Бұл Қызыл жұлдыз ауылынан бар болғаны 100-200 метр жерде", - деді Тараз әкімінің орынбасары Асхат Есенәлиев.

Есенәлиев ай ішінде 14 автобус қайта жүреді деген уәде берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети