29 сәуір 2014 | 15:50

Ауылдық жерлерде почта бөлімшелері жабылмайды - Асхат Бейсенбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асхат Бейсенбаев. Фото Тengrinews.kz Асхат Бейсенбаев. Фото Тengrinews.kz

Ауылдық жерлердегі почта бөлімшелері жабылмайды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ауылдық жерлердегі почта бөлімшелері жабылмайды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаевқа сілтеме жасап.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма төрағасы почта торабына қатысты бірқатар мәселелер туралы баяндаған болатын.

"Мен өзім Солтүстік Қазақстан облысының ауылды жерінде туып-өстім. Ауыл мәселесімен жақсы таныспын. Қазір халық арасында ауылдағы почталар жаппай жабылуы мүмкін деген қауіп бар. Әрине, халықтың алаңдауы орынды. Басқарма басшысы ретінде ешбір бөлімшенің жабылмайтынын қадап айтқым келеді. Керісінше әр ауылдағы почтада көрсетілетін қосымша қызмет түрлерін көбейтуге әрекеттеніп жатырмыз", - деді "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы А.Бейсенбаев.

Брифинг барысында "Қазпочта" басшысы торап арқылы жасалатын қызмет түрлерінің жақсарып қана қоймай, ауылдағы тұрғындар керек дүниелеріне почта арқылы тапсырыс бере алатынын тілге тиек етті.

"Сондай-ақ, ауылды жерлерде почтаның көмегі арқылы дистанциялық сауда жасау қызметі қарқынды түрде қолданыла бастады. Халық негізінен көліктерінің қосымша құралдарына, киім, тұрмыстық техникаларына жиі тапсырыс береді. Бұл қажеттіліктер оларға орташа есеппен 15 пайызға арзанға түседі", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети