Қазақстандық университеттерде ауылдық квотамен оқыған студенттер мемлекетке 1,2 миллиард теңге қарыз, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қаржы орталығы" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстандық университеттерде ауылдық квотамен оқыған студенттер мемлекетке 1,2 миллиард теңге қарыз, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қаржы орталығы" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.
Олар түлектердің жұмыспен қамтылуы туралы бақылау жасайды. Қазіргі уақытта сотта ауылдық квота бойынша жұмсалған қаражатты өндіріп алу туралы 68 арыз қаралып жатыр.
2012-2017 жылдардың түлектеріне қатысты сот даулары 877 арыз "Қаржы орталығы" АҚ пайдасына шешілген. Өтеп алудың жалпы сомасы - 1 миллиард 280 миллион теңге.
"Ауылдық жерлерде мамандар тапшы болғаны үшін мемлекет сәйкесінше ауыл талапкерлеріне қаржы бөлген. Оқуға түсу үшін олардың межелік балл мөлшері қала оқушыларына қарағанда төмен. Оқу аяқталғаннан кейін университеттегі арнайы комиссия өкілдері оның алдағы уақытта үш жыл бойы қай өңірде жұмыс істейтінін қарастырады", - деді орталықтың директоры Асқар Ибрагимов.
Ауылдық квота бойынша грантты алған студенттер оқуды бітіргеннен кейін ауылдық жерде жұмыс істеуі керек. Бұл педагогикалық, медициналық және мал дәрігерлігі мамандықтарға қатысты. Бірақ бұл талаптарды барлық түлек орындай бермейді. 2012 жылдан бері 760 түлек ауылдық жерде жұмыс істеу туралы талапты орындамай жүр.
"2012 мен 2017 жылдары мемлекеттік грант арқылы 16 208 студент ауылдық квотамен білім алған. Олар педагогикалық, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі шаралар бойынша 381 студенттермен, мемлекеттік шығындарды өтеу туралы жұмыс жүргізіліп отыр. Біз оларға мемлекеттік қаржыны өтеу мақсатында жұмыс туралы хабарландыру жібереміз, олармен телефон арқылы сөйлесеміз, жазбаша да хабарлама жібереміз. Олардан жұмысқа қабылдану, басқа мекемеге ауысқаны немесе жұмыстан шыққаны жайлы анықтама және тұрғылықты мекенжайы ауысқаны жайлы анықтама алуымыз қажет", - деді "Қаржы орталығы" өкілдері.
2018 жылы ауылдық квотамен үш мамандық бойынша 2000 студент оқу бітірген. Өткен жылдан бері оқуға жұмсалған қаржыны жұмыспен өтеу талаптарын 381 түлек орындамай жүр.