Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері сайланды © Мәдениет және спорт министрлігі

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

"Отырыс барысында жаттықтырушылар кеңесінің көпшілік дауысымен ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұхамедов сайланды. Бұл жағдайға Альберт Линдердің өлімі мен одан кейінгі бірқатар оқиға, спортшылардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ, Альберт Линдердің туыстарының көптеген үндеуі себеп болды.

Оқиғаға министр араласқаннан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел ережебұзушылықтар анықталды, соның салдарынан құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалары жұмыстан шеттетілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, спорттағы әділетсіздік туралы өтініштердің көбеюіне және оны растайтын дәлелдердің анықталуына байланысты кеңесте еркін стильдегі танымал қазақстандық палуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Ильясович Байрамұқов спорт бойынша омбудсмен болып тағайындалғаны айтылды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети