Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы Мәди Отарбаев Қазақстан шекарасынан өтуге тырысты. Бұл туралы сот материалдарында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "inbusiness.kz-ке" сілтеме жасап.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы Мәди Отарбаев Қазақстан шекарасынан өтуге тырысты. Бұл туралы сот материалдарында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "inbusiness.kz-ке" сілтеме жасап.
Отарбаевқа ҚР Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы ("ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша айып тағылды. Биыл мамырдан бастап шенеунікке қатысты қылмыстық қудалау органы елден кетпеу туралы жазылымды сайлады.
3 тамызда түн ортасында болған оқиғадан кейін сот оған бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгертті.
"М.Ж. Отарбаев өзіне қатысты сайланған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жасырынуға тырысты (сотқа 03.08.2023 жылғы ШҚО бойынша "Қордай" шекара бекеті арқылы Қырғыз Республикасына шекараны кесіп өту әрекетінің жолын кесу туралы М.Ж. Отарбаевтың баянаты 03.08.2023 жылғы сағат 00:57-де берілді). Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыс жасады деп айыпталды. Сот прокурордың сотталушы М.Ж. Отарбаев сотта істі қарауға не кедергі болатынын жасыруы мүмкін, осыған байланысты оған қатысты сайланған бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңдыққа өзгертуге жатады деген пікірімен келіседі", - делінген сот қаулысында.
Мади Отарбаевтың өзі және оның адвокаты бұлтартпау шарасын бұрынғы күйінде қалдыруды сұрады. Сотталушы отбасылық және денсаулық жағдайы бойынша Бішкекте тексеруден өткісі келгенін, басқа ниеті болмағанын айтып сендірді.
БҚО әкімдігі сайтының мәліметінше, 55 жастағы Мади Отарбаев БҚО МТК басшысы лауазымында.
Отарбаев мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Алматы мемлекеттік құрылыс департаментінің бюджеттік құрылыс объектілерін лицензиялау, сәулет-құрылыс бақылау бөлімдерінің бастығы болды. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының ГАСК және лицензиялау департаментін басқарды. Талғар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2016 жылы шенеунікке бағыныштыларын "қойшыға мұқтаж қошқарлар" деп атағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қорланған қызметкерлері оның жағымсыз сөздерін диктофонға жазып, мемлекеттік қызмет істері департаментіне шағымданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!