"Ауырып шықтым, ешкімге тілемеймін". Назарбаев коронавирус туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ауырып шықтым, ешкімге тілемеймін". Назарбаев коронавирус туралы Фото:elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен қалай ауырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен қалай ауырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен ауырып шықтым, ондайды ешкімге тілемеймін. Сондықтан маскаларыңызды шешпеңіздер. Тіземен немесе шынтақпен амандасыңыздар, өздеріңізге абай болыңыздар. (...)", - деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еліміздің Тұңғыш Президенті қазақстандықтарға тілектері үшін алғыс айтты.

"Маған бүкіл Қазақстаннан тілектер айтылды. Әріптестерімнің, бүкіл әлем президенттерінің, министрлердің тілектері жазылған мыңдаған жеделхат. Тағы да бәріне рахмет. Менің ойымша, бұл да өтеді. Қазір вакцина барлық жерде - 180-ге жуық елде әзірленіп жатыр. Қазақстанда өз вакцинамыз бар. Біз Ресеймен келістік, алғашқы үміткерлердің бірі боламыз. Мысалы, АҚШ-та дәрі ойлап тапқан кезде оның 10 жылдан кейін рұқсат етілетіні айтылды. Сондықтан біз бұл вакцинаны күтеміз. Қалай болса, менің ойымша, бұл көрсеткіш төмендейді. Ауырмаңыздар, барлығыңызға денсаулық тілеймін", - деді Назарбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети