Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке келді Асылжан Мамытбеков. ©mgov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Енді ол Астана Банкінің тәуелсіз директоры болып жұмыс істейді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Енді ол Астана Банкінің тәуелсіз директоры болып жұмыс істейді.

Астана Банкінің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 6 маусымдағы шешімі бойынша, директорлар кеңесінің мүшесі Махамбет Хасеновтың қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Акционерлер директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне тәуелсіз директор ретінде ҚР ауыл шаруашылығының экс-министрі Асылжан Мамытбековті тағайындау туралы шешім шығарды.

Еске салайық, Асылжан Мамытбеков мамыр айында отставкаға кеткен болатын. 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети