Австрия Қазақстанға берген ауру сиырларының ақысын қайтарғысы келмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Австрия Қазақстанға берген ауру сиырларының ақысын қайтарғысы келмейді Фото ©РИА Новости

Қазақстан ауру сиырларын берген австриялық жеткізушілерге байланысты мәселені дипломатиялық каналдар арқылы шешетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ басқармасының төрағасы Дулат Айтжанов мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, барлық сот барысында қазақстандық жақ жеңіске жеткен, алайда, австриялықтар өздерінің міндеттерін бұрынғысынша орындамай келеді. "Қазіргі жағдай былай - біз барлық талап арызды бердік, барлық сот отырысында жеңіске жеттік. Бұл жерде бір-ақ мәселе тұр, авсртиялық жақ өздерінің міндеттерін орындамай отыр. Қазір біз бұл мәселені жоғары деңгейде көтергіміз келеді: дипломатиялық каналдардың көмегімен халықаралық деңгейге жеткіземіз. Өйткені біз сот ісін жеңіп шықтық",- дейді Д.Айтжанов. "Біз алғаш келісім шартқа отырған жер бойынша сотқа талап арыз бердік, Қазақстанда, одан кейін сыртқы сотқа жүгіндік. Біз бұл мәселемен қазір әрі қарай айналысудамыз. Сот барысында жеңдік", - деп түсіндірді Дулат Айтжанов. Еске сала кетейік, 2013 жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысында 700-ден аса асыл тұқымды сиыр жойылған болатын. Олардың барлығында Шмалленберг вирусы анықталған. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысы фермерлеріне келтірілген зиянды вирус жұқтырған сиырларды жеткізуші-компаниядан өндіріп алу хабарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети