Австрия билігі Рахат Әлиевтің өзін-өзі өлтіргенін растады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Рахат Әлиев. Фотосурет Facebook беттерінен алынды Рахат Әлиев. Фотосурет Facebook беттерінен алынды

Австрияның әділет министрлігі Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Йозефштадт түрмесінде қайтыс болғанын ресми түрде растады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Австрияның әділет министрлігі Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Йозефштадт түрмесінде қайтыс болғанын ресми түрде растады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады. 

"Австрия әділет министрлігі ресми түрде ауызша ҚР азаматы Рахат Әлиевтің кеше түнде Йозефштадт түрмесінің бір адамдық камерасында өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады. Австрия билігі болған оқиға бойынша тергеу жүргізеді деп білеміз. Біздің дипломатиялық өкілдік барлық жағдайды анықтау үшін Австрияның ресми билігімен байланыста болады", - делінген ҚР СІМ таратқан хабарламада. 

Еске сала кетейік, 24 ақпан күні Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Йозефштадт түрмесінде қайтыс болғаны хабарланған еді. Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Австрияның Kurier басылымының мәліметінше, Әлиев камерада асылып қалған күйі табылды. Оның адвокаты Әлиевтің суицидке барғанына күмән келтіреді. Әлиев осының алдында ғана үшорындық камерадан жалғыз адамдық орынға ауыстырылған. Ал оқиғадан бір күн бұрын оның адвокатының ұлы Әлиевпен кездесіп, экс-елшінің ісі жайында талқылаған. Сонымен бірге, Рахат Әлиевпен бірнеше апта бұрын камерада бірге отырған сотталған екі адамның одан ақша бопсалағаны үшін айыпталып жатқаны туралы да хабар тарады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro