11 қазан 2016 17:59

Австрия ЭКСПО-2017-дегі өз павильонының тұжырымдамасын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2017astana.com © expo2017astana.com

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Австрия Ұлттық павильонының комиссары Рихард Шенцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.


"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Австрия Ұлттық павильонының комиссары Рихард Шенцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов осы айда павильондарды қатысушыларға тарату басталатындығын, сондай-ақ делегация мүшелері үшін апартаменттер қазан айының соңында дайын болатындығын хабарлады.

"Австрия осы көрмеде өзін ұсыну мүмкіндігіне қуанышты. Біздің еліміз "Болашақ энергиясы" тақырыбында әлемдік лидерлердің бірі болып табылады деп санаймын. Бүгінгі күні баламалы көздерден біз энергияның 25 % тұтынамыз", - деп атап өтті Рихард Шенц.  

Ұлттық павильон жұмысы шеңберінде Австрия экономикалық және туристік байланыстарды дамыту үшін В2В форматында кездесу өткізуді жоспарлауда. Соның ішінде олар екі жақты экономикалық форум ұйымдастыруға ниет білдіріп, үлкен мәдени бағдарлама дайындауда.

Сондай-ақ кездесу барысында австриялық тарап өте қызықты деп мойындалған, өз павильонының тұжырымдамасын ұсынды. Бұдан басқа, комиссар "Үздік тәжірибелер аймағы" контентіне үш австриялық компаниялардың әзірлемелері кіргендігін, бұл ел үшін үлкен мақтаныш болып табылатындығын атап өтті.

Еске салсақ, қыркүйектің ортасында басты тақырыптық павильондардың бірінде ұсынылатын энергия саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер ішінде байқау аяқталды. Нобель сыйлығының лауреаттарынан тұратын халықаралық комиссия "Үздік тәжірибелер аймағы" үшін 20-дан астам жоба іріктеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети