Автобус жүргізушілеріне алматылықтармен сыпайы сөйлесу үйретіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автобус жүргізушілеріне алматылықтармен сыпайы сөйлесу үйретіледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері үшін жағдай жақсарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері үшін жағдай жақсарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті бойынша арнайы курстан өтеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қалалық тасымалдау қызметінің сапасы жөніндегі сұраққа жауап беру кезінде мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Open Almaty платформасына түскен өтініштерге қарағанда, жағдай біршама жақсарғанымен, қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасы қала үшін өзекті мәселе болып отыр.

"Сонымен қатар, маман тапшылығы мәселесі әлі де бар, бұл жүргізушілердің артық жұмыс істеуіне және қызмет сапасының төмендеуіне әкеледі.

Осы түйткілдерді шешу үшін қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысын көтеру және этика курстарын енгізу туралы шешім қабылданды. Курстан өткен жүргізушілерге жалақыға қосымша үстеме ақы қарастырылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2025 жылы жүргізушілерге арналған демалыс бөлмелері бар 10 демалу пунктін салу жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети