“Автобус жүргізушісіне қоқан-лоққы көрсетіп, пышақ шығарған“: жолдағы жанжал видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Автобус жүргізушісіне қоқан-лоққы көрсетіп, пышақ шығарған“: жолдағы жанжал видеоға түсіп қалды видео кадры

Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жолдағы жанжал туралы ақпарат тарады. Айыпты жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жолдағы жанжал туралы ақпарат тарады. Айыпты жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Желіде тараған кадрларға қарағанда, белгісіз ер адам автобусқа жүргізуші жағынан келіп, оны сыртқа шығуға шақырған. Бұл ретте ол жүргізушіні балағаттап, автобус терезесін жұдырығымен ұрған. Ер адамды басқа жүргізушілер арашалауға тырысады. Оқиғаны автобустағы жолаушы әйел видеоға түсіріп алған. Бір мезетте оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келгені байқалады.

Бейнежазба сипаттамасында "жеңіл көлік жүргізушісі №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті әрекет жасағаны, кейін автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасағаны және пышақ алып шыққаны" айтылған.

Полиция пікірі

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған.

"Оқиға орнында автобустың жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал болғаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және апаттық жағдай тудырғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети