©Нұрғиса Елеубеков
Семей қаласының тұрғынына автобус жүргізушісін боқтағаны үшін айыппұл салынды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот органының мәліметінше, айыпты әйел қалалық автобуста өзге адамдардың көзінше жүргізушіге былапыт сөз айтқан. "Автобус әйел қалаған жерге тоқтамаған соң жанжал шыққан, сол кезде әйел жүргізушіні былапыт сөзбен балағаттаған", - дейді соттың баспасөз қызметі. Әйел төңірегіндегілерді сыйламағанын байқатып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол ұсақ бұзақылығы үшін айыпты деп танылды. Соттың шешімімен оған үш АЕК көлемінде, яғни 5556 теңге айыппұл салынды. Еске сала кетейік, осындай оқиға Шығыс Қазақстан облысында бұған дейін де тіркелген еді. Кішкентай балалары бар екі әйел өзара керісіп қалып, өзге адамдардың көзінше бір-біріне боқтық сөз айтқан. Олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Семей қаласының тұрғынына автобус жүргізушісін боқтағаны үшін айыппұл салынды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот органының мәліметінше, айыпты әйел қалалық автобуста өзге адамдардың көзінше жүргізушіге былапыт сөз айтқан. "Автобус әйел қалаған жерге тоқтамаған соң жанжал шыққан, сол кезде әйел жүргізушіні былапыт сөзбен балағаттаған", - дейді соттың баспасөз қызметі.
Әйел төңірегіндегілерді сыйламағанын байқатып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол ұсақ бұзақылығы үшін айыпты деп танылды. Соттың шешімімен оған үш АЕК көлемінде, яғни 5556 теңге айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, осындай оқиға Шығыс Қазақстан облысында бұған дейін де тіркелген еді. Кішкентай балалары бар екі әйел өзара керісіп қалып, өзге адамдардың көзінше бір-біріне боқтық сөз айтқан. Олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.