11 қазан 2019 09:15

Автобустарда халықтың үштен бір бөлігі жолақы төлемейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылардың үштен бір бөлігі жолақы төлемейді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Алматыда жолаушылардың үштен бір бөлігі жолақы төлемейді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Бұл туралы телеарнаға автопарк мәлімдеген. Қала сыртына қатынайтын автобустарда да билетсіз тұрғындар көп екен. Мұнда жолаушылардың 60 пайызы жолақысын төлемейді. Бұл бір ғана тасымалдаушының мәліметтері. 

"Сенбі мен жексенбіде халық Медеуге барады. Автобус толып тұрады, бірақ транзакцияда сома әртүрлі болады. Бір ғана автобустың өзі адамдардың жолақысын төлемейтінін көрсетті. Біздің жаңа автобус сатып алуымыз үшін халық төлеуі керек", - дейді "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры Ғани Тәжиев. 

Арнаның хабарлауынша, мұндай жағдай қазір автобустардың бәрінде бар. Күн сайын автопарк миллион теңгеге аз жинайды.

Ал жолаушылар қарбалас уақытта көліктердің санын көбейтуді үнемі сұрап тұрады. Қазір автопарк осы мәселені көтеріп жатыр. Жақын арада жолға тағы 200 жаңа автобус шығады. 

Ал билетсіздермен күресті бақылаушылар мен полиция қолға алмақ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети