02 тамыз 2019 | 10:21

"Автобустардың басым бөлігі тозған" - Сағынтаев қалалық басқармаларға тапсырма берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/sagintayev.b © facebook/sagintayev.b

Қалалықтарға сапалы көлік қызметін көрсету және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мобилділік және білім басқармасына тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қалалықтарға сапалы көлік қызметін көрсету және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мобилділік және білім басқармасына тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бақытжан Сағынтаев Facebook желісіндегі парақшасында бүгін әкімдікте басқарма басшыларымен қоғамдық көлік саласының жұмысын талқылағанын хабарлады. Онда жылжымалы составтың автобус паркін жаңарту, жолайрықтар салу жұмыстары жүріп жатқаны айтылды. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер әлі де бар екені мәлімдеді.

"Біріншіден, автобус парктері үшін білікті кадрлар - жүргізушілер, сервисті мамандар, яғни слесарьлар мен механиктер және басқалары жетіспейді. Оларды даярлаудың жүйесі жоқ. Қалалық мобилділік (Телібаевқа) және білім (Қожабергенова) басқармаларына білікті кадрлар дайындаудың нақтылы шараларын жасауды тапсырдым. Бұл жұмысты кадрлар қажеттілігіне болжам жасап уақытылы әрі колледждердің оқу жоспарына сай жүргізген жөн. Апта ішінде Телібаев бұл процессті ұйымдастырудың нақтылы механизмін ұсынуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Қала әкімі троллейбус желісінің маңызын атап өтіп, оны жаңартуды тапсырғанын айтты.

"Екіншіден, экологиялық таза көлік - Алматының троллейбус желісі дұрыс бағаланбай келеді. Бұлардағы байланыс желілері тозған, күн сайын үзіліп жатады. Әкімдікке қаланың барлық троллейбус желісін жөндеуді тапсырдым. Биылғы жылдың өзінде Тимирязев көшесі бойындағы барлық 5,1 шақырым желі ауыстырылады. Қажетті қаржыны бөлеміз. Жаңа троллейбустарды сатып алу жұмыстарын қатар жүргізіп, келер жылы жаңа бағыттарды ашамыз. Қазіргі кезде трансформаторлары қосалқы станциялардың қуаттары әлсіз, сондықтан оларды да жаңартуды қолға аламыз. Бір сөзбен айтқанда, Алматының троллейбус желісі - еліміздегі ең ірі көлік тармағы, - деп жазды қала басшысы.

Сағынтаев сыртқы тасымал мәселесін де қозғады.

"Үшіншіден, қала сыртына тасымалдау мәселесі пісіп жетілген сияқты. Күн сайын 61 бағыт бойынша 600 автобус қатынайды. Қызмет көрсету сапасы төмен. Автобустардың басым бөлігі тозған. Сондықтан бұл мәселені де ретке келтірген жөн. Ескі көлікті ауыстырып, жолаушыларға билет беру жүйесін ашық ету қажет. Қалалық мобилділік басқармасына (Телібаевқа) қалда моделін унификациялау шараларын қарастыруды тапсырдым", - деп жазған ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети