03 қараша 2022 | 11:26

"Автобусты 33 минут күттім". Досаев тағы BRT желісі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлік туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлік туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғындары Тимирязев көшесі бойындағы BRT желілерін шеткі оң жақ жолаққа ауыстырмауды сұрады. Жауап ретінде Досаев BRT желілерін неге өзгерту жоспарланып отырғанын түсіндірді.

"Мен оны жаман деп айтпаймын, өйткені мені айыптап жатыр, Досаев BRT-ге салған төрт миллиард теңгені "жоқ" қылмақшы деп. Бірақ проблемалар бар екені анық. Бұл туралы жобаның бастамашылары да айтып жатыр. Жоба бес жылда аяқталмаған. Мысалы, басты мәселе ҚазҰУ маңында, себебі ол жерде жаяу жүргіншілер өткелі реттелмеген, бұл көлік кептелісін тудырады.

Сондықтан проблемаларды шешу қажет: егер BRT іске қосылса, онда тиісті аралықтар болуы керек, жылжымалы құрам болуы керек және т.б. Бірақ бүгінде ол жоқ. Мен өзім де жүрдім, №32 автобуспен BRT арқылы төмен түстім. Мен автобусты 33 минут күттім, себебі төрт автобус шықпаған. Бізде көлік қоры жоқ екен. Сондықтан, келер жылы мәселені қалай да шешіп, қозғалыс аралықтарын қысқарту үшін қосымша 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, BRT желісінің проблемасы басқа дүниеде. Досаев автобуспен келе жатып жолға қанша уақыт кеткенін есептегенін айтты.

"Мен №32 автобус бойынша қанша жол жүргенімізді есептеп көрдім. Байқасаңыз, классикалық BRT тек Тимирязев – Байтұрсыновтан басталып, арнайы жолақ орналасқан жерге дейін жетеді. Ал бүгін автобустар жүретін оң жақ жолақта әр бағдаршамда тұрып қаламыз. Сондықтан, проблемалар бар, оларды бірге шешеміз. BRT бойынша атқарылған жұмысты ешкім жоққа шығармайды.

Менің түсінуімше, бұл туралы айтқандардың өздері автобуспен жүріп көрмеген. Мен олардың да автобуспен жүріп, қалай екенін білгенін қалаймын. Кез келген уақытта көрсін. Жеке көліктің терезесінен бәрі басқаша көрінеді екен. Сондықтан, BRT-ті мәселесін шешеміз", - деп түйіндеді сөзін Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети