Автокөлік қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 11 қаңтарда күшіне енеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автокөлік қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 11 қаңтарда күшіне енеді ©auto.lafa.kz

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 2015 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы туралы бұйрық 2015 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылғы 11 қаңтарға дейін қазақстандықтар автокөліктерінің алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жаңартуы қажет", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы 18 қарашада "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізілген еді.

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына мына заттар кіреді:

Сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон);

Зарарсыздандырылған дәке бинті 5 метр*10 сантиметр (1 дана);

Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5 метр*10 сантиметр (1 дана);

Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7 метр*14 сантиметр (1 дана);

Зарарсыздандырылған медициналық дәке майлық (1 дана);

Зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана);

Зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 грамм (1 дана);

Қан тоқтатқыш жгут (1 дана);

Бактерицидті жапсырма (5 дана);

Медициналық жапсырма (1 дана);

Эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден);

Зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп);

Ұшы доғал қайшылар (1 дана).

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бастап жаңартылған жол қозғалысы ережесі күшіне енген еді. 7 қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген түзету күшіне енді, оған сәйкес, 12 жасқа дейінгі балалар автокөлікте балаларға арналған орындықпен ғана тасымалдануы қажет. Мұнымен қатар, өзге де жол қозғалысы ережесіне байланысты өзгерістер енді: күндіз көліктің жарығын міндетті түрде жағып жүру керек, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тоқтатқанда жүргізушілер автомобильден шықпауы керек, жол бойында көлікті тоқтатуға болмайды және тағы да басқа талаптар бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети