22 қыркүйек 2014 18:17

Автокөлікке берілетін сенімхатты сақтандыру полистері алмастыруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото autoshcool.ru сайтынан алынды Фото autoshcool.ru сайтынан алынды

Қазақстанда автокөліктерге берілетін сенімхатты сақтандыру полистері алмастыруы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанда автокөліктерге берілетін сенімхатты сақтандыру полистері алмастыруы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ішкі істер министрлігінде сенімхат беру институтының жұмысын жеңілдету қарастырылуда. Бұл ретте Қазақстанның қолданыстағы заңына өзгертулер мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұдан былай көлікті басқаруға рұқсат беретін сенімхатты сақтандыру полистері алмастыратын болады" - дейді ведомство өкілдері.

Ішкі істер министрлігі бұл ұсыныстың әзірге талқыланып жатқанын да баса айтты. Болашақта бұл салада жоғалған көліктерді жедел-іздестіру жұмысын жетілдіру үшін елдегі сақтандыру агенттіктері туралы барлық ақпараттар Ішкі істер министрлігінің базасына енеді. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы сенімхат арқылы көлік басқару тәртібін алып тастауды және көлік жүргізушісі куәлігін аларда талап етілетін құжаттарды азайтуды тапсырған. Сондай-ақ, Елбасы 2015 жылдан бастап елімізде коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын жеке автокөліктерді жаңадан сатып алғаннан кейін жеті жылға дейін техникалық байқаудан өткізбеуге болатындай жүйе қалыптастыруды қоса тапсырды.  Сенімхатты алып тастау туралы мәселе 2013 жылы Парламент Мәжілісінде де көтерілген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети