Жаңа лауазымға тағайындалған Мейрам Бегентаев әлеуметтік саясат мәселелеріне жетекшілік етеді.
Бұрынғы мәжілісмен Мейрам Бегентаев Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа әкімді аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды.

Жаңа лауазымында Мейрам Бегентаев әлеуметтік саясат мәселелеріне жетекшілік етеді. 42 жастағы Бегентаев Павлодар облысы Заречное ауылында дүниеге келген. Ол 1996 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Осы оқу орнында проректор қызметін атқарған.
2011-2012 жылдары ҚР білім министрлігі департаментінде директор орынбасары қызметін атқарды.
2012-2016 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Үйленген, үш баласы бар.