АХАЖ қыздың туу туралы куәлігіндегі "ҚазКСР" деген жазбаны түзеп беретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АХАЖ қыздың туу туралы куәлігіндегі "ҚазКСР" деген жазбаны түзеп беретін болды Коллаж © Tengrinews.kz

Интернетте Ақмола облысында тұратын қыздың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы пайда болды, құжаттың "Республика" деген бағанында "ҚазКСР" деп көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте Ақмола облысында тұратын қыздың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы пайда болды, құжаттың "Республика" деген бағанында "ҚазКСР" деп көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлан Хоршатұлы деген қолданушы құжатты сканерлеп, Facebook желісіне салды. Мағлұматтар бойынша, қыз бала Ерейментау ауданы Үленті ауылында 2001 жылы 13 шілдеде туылған. Құжатта мөр мен әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Түлендинованың қолтаңбасы тұр.

Ерейментау аудандық АХАЖ қызметкерлері Tengrinews.kz тілшісіне құжаттың мамандарға келіп түспегенін хабарлады. Бөлім басшысы Мария Сердцеваның айтуынша, сол қатеге байланысты құжат жарамсыз болып есептеледі, сондықтан қыздың ата-анысына оны ауыстыру үшін құжаттарды өткізу керек. Ол үшін ХҚО-ға барулары тиіс. Сонымен қатар, АХАЖ-дағылар қатенің олардың кінәсінан кетуі мүмкін екенін айтты. Дегенмен "ҚазКСР-да туылған" қыздың ата-анасынан жаңа құжат үшін мемлекеттік баж салығы алынбайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети