Аягөздегі дүлей дауыл: ауданда төтенше жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аягөздегі дүлей дауыл: ауданда төтенше жағдай жарияланды ©instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кеше Аягөзде болған дауылдан соң ауданда төтенше жағдай жарияланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кеше Аягөзде болған дауылдан соң ауданда төтенше жағдай жарияланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, осы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды.


"Бүгін ауданда төтенше жағдай жарияланды. Орынбасарым Б.Баяхметов бастаған арнайы комиссияны жолға шықты. Оқиға орнында барлық коммуналдық және апаттық қызметтер жұмыс жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарын бір апта ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражат бөлінеді.

Алдын ала деректер бойынша, төтенше жағдай салдарынан 72 тұрғын және 19 көпқабатты үйлер, сондай-ақ 8 әкімшілік ғимарат зардап шекті", - деп жазды әкім.

Сондай-ақ, Ахметов ағаштар мен бұтақтардың құлауы салдарынан электр желілері үзілді. Нәтижесінде 3679 абонент электр жарығынсыз қалған еді. Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жарықты қосып жатыр. ШҚ ӨЭК-ның 5 апаттық бригадасы жақын арада қалған 700 абонентте жұмысты аяқтауы тиіс дейді әкім.

Сондай-ақ, қалалық ауруханаға түрлі дәрежедегі жарақаттармен 7 адамның жүгінгені айтылады. Қазір жағдайлары тұрақты, стационарда бір науқас жатыр.

Еске салайық, мұның алдында Аягөздегі дүлей дауылдың видеосы жарияланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети