26 сәуір 2021 | 16:27

Аяғы жоқ ақтөбелік құрылысшыларды састырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Екі аяғы мен оң қолы ампутацияланған ақтөбелік Саламат Болатов қала көшелерін төсеген құрылысшыларға мысқылдап үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екі аяғы мен оң қолы ампутацияланған ақтөбелік Саламат Болатов қала көшелерін төсеген құрылысшыларға мысқылдап үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіттің айтуынша, бірнеше күн бұрын Пожарский және Рысқұлов көшелерінің қиылысында іші су үлкен шұңқыр пайда болған. 23 сәуірде бұл шұңқырға көлік кіріп кеткен көрінеді. Ол бұл туралы барлық топта жазылғанын айтты.

Осыдан кейін Болатов қалалық билікке ерекше видеоүндеу түсіруді ұйғарған. Ол сол көшеге барып, аяғын шалшыққа салып, ойын мысылдап жеткізген. 

"Бүгін мен Қазақстанда жол салатындардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің арқаңызда ерекше адамдар аквапарк, саябақ, сауда орталықтарына баруға мүмкіндік алады. Біздің әл-ауқатымызға қосқан үлеске баға жоқ. Бассейн үшін рақмет. Бірақ менің бір өтінішім бар, пандус қойыңыздаршы, әйтпесе түсу аса ыңғайлы емес. Үнімді естисіздеп деп үміттенемін", - деп жазды Болатов Instagram-да.

Ол басқа да Желі қолданушыларын хабарды таратуға шақырды.

"Сөйтсек жолдарымыз жақсаратын шығар", - дейді жігіт.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Инвалидность - не приговор! (@amputant0)

Ақтөбе әкімдігінің мәліметінше, шұңқыр жүк көлігінің кесірінен пайда болған. Жүк көлігінің жүргізушісі құдықты басып өтіп, қақпағын сындырып жіберген. 

"Шойын қақпақтың бөліктері құдыққа түсіп, тиегін зақымдады. Сөйтіп арнадан су ақты. Кезекші бригада сигналға жедел жауап берді. Суды және оның салдарын жою үшін шаралар қабылданды. Олар қоршау мен ескерту жол белгісін қойды.

Салдарынан осы учаскеде шұңқыр пайда болды. Оны толтыру үшін басқа кезекші топ ауа райының қолайсыздығына қарамастан шұғыл түрде мекенжайға шықты. Қажетті шаралар қабылданды", - деді әкімдік өкілдері.

Пожарский көшесінде былтыр жол жөнделмегені де хабарланды. Жол биыл ауа райы қолайлы болғанда төселеді екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети