Қарағанды облысында аязға байланысты дизельмен жүретін автомобильдер және қоғамдық автокөліктер үшін жол жүруге шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Бұл өңірде ауа температурасы 32 градусқа дейін төмендейді деп болжанды. Қарағанды облысында аязға байланысты дизельмен жүретін және қоғамдық автокөліктер үшін Астана бағытындағы жолдың бөлігі жабылды (Екатеринбург - Алматы тас жолының 1275-1353 шақырым аралығы).
ҚР ІІМ ТЖК "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасай отырып, 27 қаңтарда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауады, бұрқасынды, жел соғады, кей жерлерде ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейтінін ескертеді. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жаңбыр (қарға ұласатын жаңбыр), кей жерлерде жауын-шашынды, тұман және көктайғақ болады деген болжам бар. Түнде ауа температурасы 3-8 градус нольден төмен, ал кей жерлерде 23-28 градус аяз болады.