Айбек Паяевтың депутаттық өкілеті тоқтатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айбек Паяевтың депутаттық өкілеті тоқтатылды Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаттары ҚР Орталық сайлау комиссиясының депутат Айбек Паяевтың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары ҚР Орталық сайлау комиссиясының депутат Айбек Паяевтың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, өкілетін тоқтату туралы өтінішті Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың өзі берген.

"Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясының 52-бабына, Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес және өтініш негізінде Мәжіліс депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізеді", - деді Өтемісов Мәжіліс отырысы кезінде.

Депутаттар ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети