Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы қауесеттерді жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар аймақ басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

"Қатаң карантин жағдайында Елбасының жұмыс кабинетіне адам кіргізу шектелу керектігін түсіну қажет. Алайда шектеулерге қарамастан, баспасөз қызметі халықты Тұңғыш Президенттің қызметі туралы уақтылы хабардар етуге тырысады. Біз ешқашан қауесеттерге түсініктеме бермейміз. Алайда соңғы уақытта жекелеген тұлғалар елдегі жағдайды тұрақсыздандыру бойынша, соның ішінде Елбасының денсаулығына қатысты жалған деректерді тарату арқылы белсенді әрекет жасап жатыр. Мұның бәрі арандатушылық және өтірік.

Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы екеніне сендіргім келеді, ол карантин жағдайында да Отан игілігі үшін жұмысын жалғастыра береді. Ал кімде-кім күмәнданса, онда кеше Елбасы сөйлескен кез келген әкімнен бұл туралы сұрауға болады", - деп хабарлады Айдос Үкібай.

Ол сондай-ақ енгізілген барлық шектеулер алынғанда, Бірінші Президенттің қатысуымен өтетін жұмыс кездесуінен немесе кеңестен бейнежазба жасайтынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети