Айдын Ашуев ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Ашуев ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды Айдын Ашуев. © gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Ашуев Айдын Жұмабекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Ашуев Айдын Жұмабекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдын Ашуев 1976 жылы 26 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Өз қызметін жеке ұйымда менеджер ретінде бастады.

1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Сақтандыру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінде, "ҚазАгрогарант" АҚ-да, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" РМК-да жауапты лауазымдарды атқарды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін "Амангелді Газ" ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жылдың қаңтарына дейін Мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы, Қазынашылық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде жауапты хатшы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети