05 қазан 2015 | 12:31

Айдын Айымбетов ғарышқа сапарынан кейін қайда жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Айымбетов. © РИА Новости Айдын Айымбетов. © РИА Новости

Ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа сапарынан кейін Қазғарыштағы жұмысын жалғастырады. Бұл туралы журналистерге "Мәңгілік Ел - Бірыңғай болашақ ұлты" патриоттардың республикалық форумының алдында мәлім етілді, бұл форумда "Жыл патриоты" жыл сайынғы байқауының жеңімпаздары аталады. Айдын Айымбетов байқаудың "Қазақстан патриоты" категориясында номинант, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа сапарынан кейін Қазғарыштағы жұмысын жалғастырады. Бұл туралы журналистерге "Мәңгілік Ел - Бірыңғай болашақ ұлты" патриоттардың республикалық форумының алдында мәлім етілді, бұл форумда "Жыл патриоты" жыл сайынғы байқауының жеңімпаздары аталады. Айдын Айымбетов байқаудың "Қазақстан патриоты" категориясында номинант, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғарышкердің айтуынша, ол қазір ұшудан кейінгі сауықтыру шараларынан өтіп жатыр. 

"Қону 12 қыркүйекте Жазқазғанға жақын жерде, сағат 06.51-де болды. Одан кейін ғарышкерлерді дайындау орталығында сауықтыру жүргізілді. Қазір мен Қазақстан патриоттарының форумына келіп тұрмын. Сауықтыру ресми түрде 9 қазанда аяқталуы тиіс, ол ғарышкерлермен кездесумен аяқталады. Осыдан кейін мен Қазақстанға келіп, Қазғарыштағы жұмысымды жалғастырамын", - деді Айымбетов.

Сонымен қатар, ол өз әрекетін батырлық деп санай ма деген сұраққа жауап берді: "Менің (әрекетім) ең қарапайым, бұл менің жұмысым, оны кез келген инженер жасайды. Үлкен еңбек, физикалық зор қысым оған келісемін, бірақ тиісті дайындық пен білім деңгейіне қарай оны адамдардың көбі істей алады", - деді Айымбетов.

Журналистер ғарышкердің елі үшін не істеуге дайын екенін білгілері келді.

"Мен елім үшін өмірімді беруге емес, елім үшін өмір сүруге дайынмын, елім дамып, гүлденіп, дәулетінің артуы үшін еңбек сіңіруге", - деп жауап берді Айдын Айымбетов.

Айта кетейік, Патриоттардың республикалық форумына елдің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан аса делегат жиналды. Форум 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған өз ісінің үздік мамандары қатысады: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, шаруалар, табысты кәсіпкерлер. Сыйлық номинанттарының арасында обырмен күрес бойынша зерттеу жүргізуге 2 миллион долларын берген 25 жастағы бағдарламашы Асхат Мырзабаев бар. Сонымен қатар, бұл тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина тұр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети