Ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ вице-президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ вице-президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин ұжымға компанияның жаңа вице-президентін таныстырды. Айымбетовті "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ ғарыш жүйелерін жасау және қолданысқа беру жөніндегі вице-президенті етіп тағайындау туралы бұйрыққа бүгін, 2016 жылдың 5 қаңтарында қол қойылды.
Айдын Айымбетов компания жетекшісімен бірге барлық бөлімшенің қызметімен танысып, алғашқы жұмыс жиналысын өткізді.
"Компания Жерді қашықтықта зондтау ғарыш жүйесін және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін қолданысқа енгізумен айналысады. Компаниямыздың осы маңызды бағыттағы жұмысын біліктілігіңізбен атқарып шығасыз деп сенемін", - деді Нұрғожин.
"Қазір "Қазғарыш" басшылығы маған ғарыштың жаңа технологияларына, қазақстандық ғарыш жүйесінің дамуына байланысты өте маңызды жұмысты тапсырып отыр, мен бұл тапсырманы орындаймын", - деді Айымбетов.
Еске сала кетейік, Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен және жаңа экипажымен ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон болды. Айымбетов ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанып, 12 қыркүйекте таңғы сағат 06.51-де ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.