05 наурыз 2015 | 15:39

Әйел адамның Президент болуға ұсынылуы батыл қадам деп бағаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Раушан Сәрсембаева. ©ortcom.kz Раушан Сәрсембаева. ©ortcom.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде гендерлік теңдік мәселелері талқыланды. Саясаттағы әйелдер тақырыбы да қозғалды. ҚР Президенті болуға үміт білдіргендердің арасында әйел адамның бар екені туралы кешегі жаңалыққа байланысты Tengrinews.kz тілшісі брифинг спикерлерінің бірі - Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының басшысы Раушан Сәрсембаевадан қоғамның әйел басшыға қаншалықты дайын екенін сұрады.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде гендерлік теңдік мәселелері талқыланды. Саясаттағы әйелдер тақырыбы да қозғалды. ҚР Президенті болуға үміт білдіргендердің арасында әйел адамның бар екені туралы кешегі жаңалыққа байланысты Tengrinews.kz тілшісі брифинг спикерлерінің бірі - Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының басшысы Раушан Сәрсембаевадан қоғамның әйел басшыға қаншалықты дайын екенін сұрады.

"Мұндай үміткер болуы тиіс. Оны мұндай ерлігі үшін қолдау керек шығар. Өйткені бұл - өте жауапты қадам. Біз ұлттық комиссияда бұл мәселе туралы ойландық. Біздің ұлттық комиссияның мүшелерінің бірі - ер адам сайлауға бір лайық әйел адамды ұсынуға бастама көтерді. Біз бұл мәселе туралы ойландық: лайық әйелдер өте көп болып шықты", - деді ол. 

Сәрсембаева ҚР Президенті болуға үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиеваны танымайтынын айтты. "Бұл жерде мәселенің басып ашып алу қажет: сен бұл қадамға амбиция үшін барып отырсың ба, әлде соңыңнан еретін адамдарың бар ма, оларға не ұсына аласың?! Бұл әйелдің қаншалықты белсенді қоғам қайраткері екені, халыққа қаншалықты танымал екені, қандай мақсатты көздейтіні - ол да өте маңызды. Бұл жерде өз амбицияңмен бірге, өз әлеуетіңді де ескеру қажет", - деді қауымдастық басшысы. 

Оның айтуынша, мәселенің екінші жағы да бар. "Бұл қадам ұлттық комиссияның бүкіл жұмысын, барлық әйелдерді бір онжылдыққа кері ығыстырмай ма? Ұсынылу оңай іс емес, оны отбасы, төңірегі қолдай ма, президенттік додаға шыдас бере ме, ол да маңызды. Бұл нәрсе адамның қолынан келмеуі де мүмкін", - деді Сәрсембаева.  

Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы мәселенің психологиялық астары да бар екенін айтты, айталық, қоғам әйелдерді ер адамдай қабылдай бермейді. "Ер адам болғанның өзінде оны әйелдер қалай қабылдайды деген мәселе бар. Өйткені саясатта ер саясаткерлердің, жұртшылықтың әйелді жақтыруы қашанда өте маңызды. Ер адамды қабылдаған қоғамның әйел адамды олай жақтыра алмауы мүмкін", - деді Сәрсембаева. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети