Ақтөбе облысының 37 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды. Ер адамды өлімге қатысты күдікті - ол әйелі мен енесіне шабуыл жасап, кейін оқиға орнынан бой тасалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 1982 жылы 19 маусымда дүниеге келген Берік Тұрақбайұлы Сұлтанғалиев іздестіріліп жатыр", - делінген Ақтөбе облысының ПД хабарламасында.
Белгілері: бойы 175-178 сантиметр, орта денелі, беті сопақша келген, көзі көк, қысық, шашы қоңыр, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген.
Полицейлер ер адамның қайда екенін білетіндерден мына телефондарға хабарласуды сұрайды: Ақтөбе облысы ПД кезекші бөлімі 936-100, 936-118, 936-225, 936-232, ұялы телефондар 8-775-680-58-88, 8-771-786-66-66, 8-776-546-66-66.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!