Әйелді қорғауға тырысқан: Алматыда өлтірілген полицей туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелді қорғауға тырысқан: Алматыда өлтірілген полицей туралы не белгілі? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Туыстары Алматыда қақтығыс кезінде қаза тапқан полицей туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туыстары Алматыда қақтығыс кезінде қаза тапқан полицей туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Полицей Нұрсұлтан Несіпбаев Алматыдағы түнгі нысандардың бірінде әйелге араша түскен. Әйелдің жанындағы ер адам оны мойнынан ұстап, тұншықтыра бастаған. Төбелес барысында Нұрсұлтан Несіпбаев ішінен және жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған. 31 жастағы полиция қызметкерінің артында әйелі мен төрт баласы қалған: екі қызы және екі ұлы. Кеше туыстары Нұрсұлтанмен қоштасты. Ол туған жері Байқоңырда жерленді.

"Жолдасым балаларымызға қамқор әке, маған адал жар болды. Ол отбасымыз үшін бәрін жасады. Ол өз жұмысын жан-тәнімен сүйетін және оған берілген жан еді. Біз үлкен жоспарлар құрып едік. Бірақ тағдыры басқаша болды," – деп бөлісті марқұмның жұбайы Бақыт Жетіген.

"Ұлым адал болды, өз қызметін абыроймен атқарды. Ол әрқашан көмекке дайын тұратын. Өз жұмысын және отбасын қатты жақсы көретін. Балалары әкесіз қалды. Ол әйелді қорғағысы келіп еді, осындай жағдай болды," – деп қосты марқұмның анасы.

Қайтыс болған құқық қорғаушы Байқоңырда туып-өскен. Ол заң факультетін бітіріп, құқық қорғау органдарында 10 жыл жұмыс істеген. Алматы Медеу ауданы полиция басқармасында жедел уәкіл қызметін атқарған.

"Ол менің жетекшім болған: жедел қызметтің қыр-сырын үйретті. Біз бірге көптеген қылмысты аштық. Нұрсұлтан өз отанының нағыз патриоты болды. Өз жұмысының жанкүйері еді. Әділдік үшін әрдайым күресетін. Біз үшін бұл – үлкен қайғы. Туыстарына көңіл айтамын," – деді Медеу ауданы ПБ-ның аға жедел уәкілі Рүстем Ғалымов.

Қылмыскер туралы мәлімет аз. Ол 41 жастағы Өзбекстан азаматы. Ер адам қылмыс болған жерде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Алматыдағы ауруханалардың бірінде Медеу ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі қайтыс болғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети