09 наурыз 2014 | 15:32

Әйелдердің сөмкесін тонаумен айналысқан ұры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото avestnik.kz Фото avestnik.kz

8-ші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Өскен қаласы ішіне қатынайтын автобустарда әйелдердің сөмкесін тонаумен айналысқан ұры ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz телшісі Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінгің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Департаментке арызданған облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны ол әлдебір бағытқа қатынайтын автобусқа отырғанында оның әмияны жоғалғанын, ішінде банк карточкасы мен бір мың теңге көлемінде ақшасы барын айтып, шағымданған. "Полиция қызметкерлері дереу әрекет етуінің арқасында ұрлыққа қатысы бар күдіктіні қолға түсірген. Тергеу барысында әлгі күдіктінің бұған дейін де сотты болғаны, сол қаланың 29 жастағы тұрғыны екені анықталған. Қолды болған заттардың барлығы өз иесіне қайтарылды", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Тергеушілердің сөзіне қарағанда, қолына кісен салынған ұры өз "кәсібін" қаланың әр бағытына қатынайтын автобустарда жүзеге асырып, тек әйелдерге тиесілі сөмкелерді ғана тонаумен айналысып отырған. "Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің бұдан басқа да кемі 3 оқиғаға қатысы бары анықталды. Нақтырақ айтқанда, ол ұсталардан бір күні бұрын №24 автобуста 18 жасар қыздың ішінде 19 мың теңге, банк карточкасы мен жеке куәлігі болған әмиянын ұрласа, №2 автобусқа отырған ол 36 жастағы әйелдің әмиянын 17 мың теңгесімен бірге алып түскен", - ведомство таратқан хабарламада. Қазіргі таңда ұрланған заттардың барлығы иелеріне қайтарылып, оның басқа да қылмыстарға бар-жоқтығы анықталу үстінде. Қолға түскен күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети