Айғайлады және жұдырықпен үстелді ұрды. Алматы облысында бас дәрігердің іс-әрекеті тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айғайлады және жұдырықпен үстелді ұрды. Алматы облысында бас дәрігердің іс-әрекеті тексеріледі Видеодан скрин

Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды. Роликке қарағанда кездесуге келген тұрғындардың бірі бас дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойды.

 "Мен жақында жазбаша түрде жүгіндім, емханаңызда дәрі де жоқ, өз ақшама сатып алдым. (...) Емханаға келгенде "дәрі жоқ" деп айтады. Ана жеті миллиард шығыс ақша қайда кетті?" - деді видео сыртындағы адам.

Бас дәрігер жауап ретінде айғайлап, қолымен үстелді ұрды. Кейін кездесу өтіп жатқан жерден шығып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаға байланысты пікір білдірді.

"Денсаулық сақтау басқармасы жанынан Талғар аудандық аурухананың бас дәрігері Н. Құлсейітовтің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі ұстауы мәселесін қарастыруғы байланысты комиссия құрылды", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети