03 сәуір 2015 | 11:49

Айгүл Байқадамоваға жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айгүл Байқадамова. ©Николай Колесников Айгүл Байқадамова. ©Николай Колесников

Алматы полициясы Кеңес одағының батыры Иван Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамоваға жасалған шабуыл дерегіне сәйкес, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы Кеңес одағының батыры Иван Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамоваға жасалған шабуыл дерегіне сәйкес, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл дерек Медеу аудандық ішкі істер басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 293-бабы - бұзақылық бойынша тіркелген", - делінген баспасөз хабарламасында. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама белгіленді.

Еске салайық, кеше, 2 сәуірде Алматыда Иван Панфиловтың немересі және Қазақстанның танымал композиторы Бақытжан Байқадамовтың қызы Айгүл Байқадамоваға шабуыл жасалған болатын. Оның беті жараланды. Байқадамова Талғар медициналық колледжінен қайтып келе жатқан, жоғарғы оқу орнының жүргізушісі оны үйдің алдында түсіріп кеткен. Айгүл Байқадамова өзіне кімдердің шабуыл жасағанын көрмеді, бірер уақыт өткеннен кейін ғана есін жинапты. Көшедегі адамдар оған пәтеріне жетуге көмектескен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети