ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2019 | 19:00
Айгүл Шайымова қызметінен босатылды
Айгүл Шайымова Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігін Анар Жайылғанова басқарса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы болып Алик Шпекбаев тағайындалған.
Показать комментарии
Читайте также