Айжан Байзақова бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айжан Байзақова бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram жұлдызы үш күн қамауда болған еді. Ол ғимараттан пакетпен шығып, көлікке отырып кетті.
© Tengrinews.kz
Еске салайық, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді.
"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деген еді Алматы ІІД өкілдері.
Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды.
Ал кейінірек қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялаған еді.