Интернет жұлдызы Айжан Байзақова алматылық арнайы қабылдау мекемесінде үш күн қамауда болған кезінде зорланғаны және соққыға жығылғаны туралы мәліметті жоққа шығарды. Бұл туралы ол Telegram-каналында мәлімдеді.
Интернет жұлдызы Айжан Байзақова алматылық арнайы қабылдау мекемесінде үш күн қамауда болған кезінде зорланғаны және соққыға жығылғаны туралы мәліметті жоққа шығарды. Бұл туралы ол Telegram-каналында мәлімдеді.
"Бәрі менің кеткенім жайлы айтып жатыр. Бұған себеп - менің көп ойлануым. Мені ой жеді. Алайда мен салмақ қосып, өз қалпыма қайта келемін. Бәрі дұрыс. Ол жерде маған ешкім де тиіскен жоқ", - деді ол.
Қыздың айтуынша, онымен бірге "қоқан-лоқы көрсетушілермен, аккаунтының жоюлына жол бермеу, бардың жабылуы, қамауға алынуы және тағы басқа мәселелермен" күресіп керек емес. "Сіздер мені тек қазаққа тұрмысқа беріңіздер. Мен әлі бір екі жылдың ішінде-ақ басы бос әрі бақытты қыздарды сөгіп, өзімнің хейтерлерімнің қатарына қосыламын. ... маған күйеу іздеңіздер", - деп жазды Айжан.
Сонымен қатар, оған әр түрлі қорқытулар түсіп жатқанын жасырмады. "Мені өртеп, өлтіріп, бауыздағысы келетіндер көп екен... және менің ата-анамды жазалағысы келетіндер де бар екен... періште халықтың менімен, күнәһар қыздарын жазалағысы келеді... Сонда боқтық сөз айту және шешіну бұл жаман қылық, ал кісі өлтіру бұл дұрыс нәрсе ме сіздіңше?", - деді Байзақова.
Еске салайық, 26 желтоқсанда полицейлер 22 жастағы Айжан Байзақованы ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді.
"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деген еді Алматы ІІД өкілдері.
Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды.
Ал кейінірек қыздар ақша үшін шешінген Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялаған еді.