26 желтоқсан 2017 18:49

Айжан Байзақованың не үшін қамалғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері Instagram жұлдызы Айжан Байзақованың неліктен қамауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері Instagram жұлдызы Айжан Байзақованың неліктен қамауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Сот өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласында Айжан Байзақова Сейфуллин 59-үй мекенжайында орналасқан түнгі клубта мекеме қонақтарының алдында, яғни қоғамдық орында былапыт сөз сөйлеген. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғаларды мазалаған. Оның үстінде ол қыздар арасында шешіндіру үшін конкурс өткізіп, бұл шарада жүргізуші болған.

Сот отырысында Байзақова өз кінәсін толықтай мойындағаны да айтылады.

Еске салайық, мұның алдында полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. 

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деді Алматы ІІД өкілдері. 

Қыз бала өз кінәсіне өкініш білдірген. Оны сот залында қамауға алынды. Әкімшілік қамау бойынша блогер жазасын Лобачевский көшесінде орналасқан арнайы қабылдау мекемесінде өтейтін болады. 

Еске салайық, Алматының түнгі клубтарының бірінде ақша үшін қыз шешіндіргендердің оқиғасынан кейін бір топ жігіт видеоүндеу жариялады

Жігіттердің үндеуін Instagram желісіне "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаев жариялады. 

"Ассалаумағалейкум, ел үмітін ақтаған, халықтың қамын ойлаған қазақтың нар қасқа азаматтары мен азаматшалары. Біз жалпы қазақ елі ұлдарымызды ұлықты, қыздарымызды қылықты қылып тәрбиелейміз. Қазақ қызды қырық үйден тыяды дейді. Кеше ғана болған жайт масқара. Біздің қаракөз қыздарымыз ақшаға шешініп жатыр тыр жалаңаш. Тыр жалаңаш бес мың теңгеге шешініп жатыр. Өзіміздің ұлттық киім - сәукелемен стриптиз билеп жатыр. Бұл не масқара, бұл не сұмдық. Қазақ елі, Алаш елі, жүрегі ер, намысы бар жігіттерге біз видео жолдап отырмыз. Мына дін жолында, өнер саласында, спорт саласында жүрген бір топ азамат пен азаматшалар, бізді қолдауларыңызды сұраймыз. Себебі болмауына кім кепіл? Ояныңдар, қазақтың намысшыл жігіттері!", - дейді жігіттер видеода.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети