“Айканың тізімі“: күтпеген мәлімет пайда болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Айканың тізімі“: күтпеген мәлімет пайда болды Фото: Әлеуметтік желілерден

Қазақстанда "Айканың тізімі" 2023 жылы үлкен шу тудырды. Ұзақ уақыт бойы құжатты кім жариялағаны және оның таралуына кім жауапты екені белгісіз болды. Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нен жаңа мәліметтерді білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Айканың тізімі" 2023 жылы үлкен шу тудырды. Ұзақ уақыт бойы құжатты кім жариялағаны және оның таралуына кім жауапты екені белгісіз болды. Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нен жаңа мәліметтерді білді.

"Айканың тізімін" кімдер таратқан?

ІІМ Tengrinews.kz ресми сұрауына берген жауабында бұл тізімнің таралу дерегі бойынша Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеу жүргізгенін хабарлады.

Тергеу барысында күтпеген жерден Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері анықталған.

"Көліктегі полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің материалдарын жария ету дерегі бойынша, яғни WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде азаматтардың анкеталық деректерінің таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, бірақ қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды", – делінген ІІМ жауабында.

Жауапта Антикор полицейлердің әрекеттерінен заңбұзушылық анықтамағаны көрсетілген.

"Қылмыстық қудалау органы қызметкерлерінің әрекеттерінен заңдылықты бұзу деректерін анықтаған жоқ", – деп жауап берді ведомство.

Тізімде болғандар жазалана ма?

Tengrinews.kz тізімде көрсетілген адамдардың жауапкершілікке тартылуы туралы да сұрады. ІІМ бұл тұлғалардың әрекеттерінен ешқандай құқықбұзушылық белгілері анықталмағанын жеткізді.

"Тізімде көрсетілген адамдарды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқықтық негіздер жоқ, өйткені олардың тарапынан қандай да бір құқықбұзушылық құрамы анықталмады", – делінген жауапта.

Айка неге бостандыққа шықты?

2025 жылғы 25 қарашада "элиталық эскорт" желісінің ұйымдастырушысы Айкаға, 2024 жылы 6,5 жылға сотталғанына қарамастан, жазасын өтеуді екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім шығарылды.

Осы уақыт аралығында ол пробациялық бақылауда болады, содан кейін қайтадан колонияға оралады.
Шегерімнің негізгі себебі – сотталған әйелдің кішкентай баласының болуы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети