Айканың тізімі: ІІМ эскорт қыздар мен олардың клиенттерін жазалау туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айканың тізімі: ІІМ эскорт қыздар мен олардың клиенттерін жазалау туралы айтты Әлеуметтік желіден алынған

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бір күн бұрын үкім шығарылған "Айканың тізіміне" байланысты атышулы іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бір күн бұрын үкім шығарылған "Айканың тізіміне" байланысты атышулы іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің орынбасары Айка тізіміндегі эскорт қызметін көрсеткен қыздарды жазалау туралы айтты.

"Үкімге қатысты пікір бермеймін, бәрін өздеріңіз білесіз. Интим қызмет көрсеткен тұлғаларды жауапкершілікке тарту бөлігіне келсек, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектелген, сондықтан әр жағдай жеке қаралады", - деді Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында.

Журналистер министрдің орынбасарынан эскорт клиенттерін жазалау идеясын қолдайды ма, сұрап көрді.

"Жеке мен қолдаймын", - деп қысқаша жауап берді Қожаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети