02 тамыз 2024 | 16:38

Айканың тізімі: сот жеңгетайдың қылмыстық ісін қайта қарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлеуметтік желілерден Фото: Әлеуметтік желілерден

Алматы соты атышулы блогер әрі "элиталық эскорт қыздар" желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты қылмыстық істі қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы соты атышулы блогер әрі "элиталық эскорт қыздар" желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты қылмыстық істі қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот М-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ 52 бап бойынша қылмысқа кінәлі деп танып, жалпы жиынтығы бойынша 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

12 бап бойынша сутенерлікке қатысқаны үшін Т., 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар үкімге аппеляциялық шағым түсірді.

"Апелляция қылмыстық істі зерттегеннен кейін сотталғандарға тағылған айып толық расталды деп есептеді. М. 2023 жылдың мамырында мефедрон психотроптық затын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды және оны өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Полиция қызметкерлері оны ұстаған кезде сөмкесінен мефедронды тауып, тәркілеген. 2020-2023 жылдары М. көмекшісі Т-мен бірге қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдакүнемдік мақсатта ұсына отырып, жеңгетайлықты ұйымдастырды. Осы қызметтерден М. пайыздарды жеке өзі немесе оның көмекшісі Т. арқылы алды. Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтары, сарапшылардың қорытындылары және іс бойынша басқа да материалдармен расталады", - делінген сот хабарламасында.

Апелляциялық шағым үкімді өзгеріссіз қалдырды. Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети